Жолаушылар пойызы Варшава маңындағы Комаровта автобуспен соқтығысқан. Бұл туралы Goniec басылымы жазады.
Апат 19 тамызда таңертең күзетілмейтін теміржол өткелінде болды.
"Қала сыртына жүретін автобус пен астанаға бет алған Варшава маңындағы теміржол пойызы соқтығысты", — делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша, втобус жүргізушісі Гродзиск жағынан келе жатқан Мазовецкий пойызына жол бермеген. Нәтижесінде автобус қатты зақымданып, жарақат алған төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды. Апатқа байланысты екі жолда пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу