Польшадағы бокс турнирінде қазақстандық боксшылар 4 алтын медаль иеленді

1100

Силезия аймағында өткен XII халықаралық турнирден Қазақстанның қыздар құрама командасы елімізге 9 медальмен оралады.

Польшадағы бокс турнирінде қазақстандық боксшылар 4 алтын медаль иеленді

Силезия аймағында өткен XII халықаралық турнирдің финалында 6 отандасымыз өнер көрсетті. Олардың ішінде Жайна Шекербекова (51 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Фариза Шолтай (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81+ келі) алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды olympic.kz.

Әйгерім Қасенаева (48 келі) мен Мадина Нұршаева (64 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, Дариға Шакимова (75 келі), Милана Сафронова (64 келі) мен Владислава Кухта (57 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйгерім Қасенаева (48 келі) ақтық кездесуде 5 дүркін Әлем чемпионы Мэри Комнан (Үндістан) ұтылды. Есеп 4:0.

Жайна Шекербекова (51 келі) ақтық сында жергілікті Сандра Драбикті (Польша) 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Карина Ибрагимова (60 келі) финалда ресейлік Анастасия Беляковадан 4:1 есебімен басым түсті.

Мадина Нұршаева (64 келі) өкінішке орай, украиналық Мария Бовадан ұтылды. Есеп 4:1.

Фариза Шолтай (81 келі) Агата Качмарскиден (Польша) айласын асырды.

Соңғы болып рингке көтерілген жерлесіміз Ләззат Күнгейбаева финалда ресейлік Кристина Ткачеваны жеңді. Есеп 4:1.

Осылайша бокстан Қазақстанның қыздар құрама командасы елімізге 9 медальмен оралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу