Польшадағы Қазақстан жүк көліктері Литва арқылы өтетін болды

550

Қазір Литва тарапына қазақстандық көліктердің тізімі берілді. 

Польшадағы Қазақстан жүк көліктері Литва арқылы өтетін болды Фото: azattyq-ruhy.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Польша Республикасының аумағында тұрақтап қалған отандық жүк көліктерін өткізу үшін бірқатар шараларды қолға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осы жылдың 21-ші ақпанынан бастап Польшаның аумағына Еуропалық одақтан басқа барлық елдің жүк көліктеріне кіруге тыйым салынды, салдарынан аталған мемлекет пен Беларусь шекарасында 400-ге жуық қазақстандық жүк көлігі тұрып қалды.

Сонымен 24 ақпанда ведомство Литва Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен Автотасымалдау мәселелері жөніндегі аралас комиссиясының отырысында бас қосып, онда Польшада аялдап тұрған еліміздің жүк көліктерінің Литва аумағы арқылы өту мәселесі келісілді. Бұған қоса жүк тасымалын қамтамасыз ету үшін 2023 жылға арналған өзара алмастырылатын рұқсат бланкілеріне квота белгіленді.

Қазір Литва тарапына қазақстандық көліктердің тізімі беріліп, бұл жүк тасымалдаушылардың кедергісіз жүріп өтуін қамтамасыз етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу