Польшадағы шахтада 60-тан астам адам үйінді астында қалды

253

Польшаның оңтүстігіндегі Силезия воеводствосында жер асты дүмпуі тіркелді. 

Польшадағы шахтада 60-тан астам адам үйінді астында қалды Фото: media.az

Салдарынан Рыдултова шахтасының 60-тан астам қызметкері үйінді астында қалды. Бұл туралы TVP info телеарнасы Polska Grupa Gurnicza тау-кен компаниясының өкілі Александр Высоцкий-Сембигке сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жер асты дүмпуі 1200 м тереңдікте шамамен 8:00 (11:00 Астана уақытымен) тіркелді. Үйінділер аймағында 68 адам жұмыс істегені белгілі. 15 кенші жер бетіне көтеріліп, он адам ауруханаларға жіберілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.

Polska Grupa Gurnicza өкілі төтенше жағдай орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу