Польшаға Украинадан 2,5 миллионнан астам босқын келді

804

Елге 471 мың адам оралған.

Польшаға Украинадан 2,5 миллионнан астам босқын келді

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс басталғалы Польшаға келген украиналық босқындардың саны 2,5 миллионнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz елдегі шекара күзетінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"24 ақпаннан бері Польшаға Украинадан 2,5 миллион адам келді", – деп жазылған хабарламада.

4 сәуірде шекара күзетінің қызметкерлері 18,5 мың адамды тіркеген. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 17%-ға аз. 

Ал Польшадан Украинаға 24 ақпаннан бері 471 мың адам кеткен. 

БҰҰ мәліметі бойынша, осы уақытқа дейін елден бас сауғалап қашқан украиналықтардың саны 4,1 миллионнан асты. Олардың жартысы – балалар.

Табиғат Нұрболат

Фото: golosameriki.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу