Польшалық компания Павлодарда кәсіпорын ашпақ

708

Польшалық компания Павлодарда кәсіпорын ашпақ

"Grupa Kety" компаниясы бас директорының орынбасары Петр Высоцки (суретте оң жақта) "Павлодар" арнайы экономикалық аймағында бизнесті дамыту үшін керемет жағдай жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы польшалық инвесторлар Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен болған кездесу барысында айтты. "Grupa Kety" өкілдерінің айтуынша, олардың шет елдермен жұмыс жасау тәжірибесі бар. Инвесторлардың зауыттары Словения мен Украинада жұмыс жасайды. Бұл күндері алюминий өндірісімен айналысатын компания жылына 80 тонна қоспалы алюминийді дайындап, он мемлекетке экспорттайды.

- Павлодарда алюминийден жасалған бағаналарды шығару ойда бар. Біз оны шикізат ретінде қолданамыз, - деп жоспарымен бөлісті польшалық компания бас директорының орынбасары Петр Высоцки.

Меймандардың сөзіне сүйенсек, "Giessenhaus" ЖШС-нің қоспалы алюминий жобасын іске қосқанын күту керек. Егер польшалық компания Павлодарда кәсіпорын ашса, жергілікті кадрларды дайындаумен өздері айналысады. Кездесу соңында Болат Бақауов польшалық қонақтарды арнайы экономикалық аймаққа шақырып, барынша қажетті көмекті көрсететіндігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу