Польшалықтар арнайы әкелген ағаштарын Астананың ботаникалық бағына отырғызды

960

Польшалықтар арнайы әкелген ағаштарын Астананың ботаникалық бағына отырғызды

"ЭКСПО-2017" көрмесіндегі Польша павильонының өкілдері Астананың ботаникалық бағында ағаш отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осындай ерекше іс-қимылдарымен поляктар қала тұрғыдарын елорда күнімен құттықтауды жөн көрді.

"Қазақстан үшін осы айтулы датада қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарына барлық жақсылықты тілеймін. Атап айтқанда, Қазақстан Президентінің елді көгалдандыру бойынша бастамалары өте қуантады. Бұл бағыттағы қадамдар жаһандық тұрғыда маңызды екенін түсінеміз. Бүгінде "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында қала аумағын жасылдандыру мен орман алқабын кеңейту арқылы көмірқышқыл газ көлемін төмендету бастамалары аса қажет", - деді Польша қоршаған орта вице-министрі Славомир Мазурек.

Сонымен қатар бұл шара барысында елордалықтарды Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев та құттықтады.

"Әкімдік атынан бүгінгі керемет мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын. Бірнеше күн бұрын Астана күнін мерекелеу бағдарламасына бастау берген елбасы қаланың жасыл белдеуінің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Ботаникалық бақ осы маңызды жобаның құрамдас бөлігі. Бұл бақтың перспективасы зор, себебі осында үлкен бастамалар іске асырылады. Бүгін Польшадан арнайы 214 ағаш алып келіп, отырғызып жатқан поляк достарымызға үлкен алғысымызды айтамыз", - деді Е. Аманшаев.

Айта кетейік, поляктардың бүгінгі бастамасына ЭКСПО-дағы өзге де павильондардың өкілдері қолдау білдірді. Бұдан бұрын Польша орманшылары орманды жерлерді қалпына келтіру бағытында қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасқан болатын. Осы тақырыптағы конференция ЭКСПО аясында Польша павильонында өтті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу