Польшаның бас консульдығы Варшавадағы Қазақ көшесін көрсетті

774

Польшаның бас консульдығы Варшавадағы Қазақ көшесін көрсетті

Алматыдағы Польшаның бас консульдығы фейсбуктағы парақшасында Варшавадағы Қазақ көшесінің суреттерін жария етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Ол поляк астанасының ең қымбат әрі ең сұлу аудандарының бірі – Вилановта орналасқан. Қазақ көшесіне тақау жерде Варшаваның ең үлкен көрікті жері король Ян ІІІ Собесскийдің бұрынғы жазғы резиденциясы Вилянувский сарайы орналасқан", - деg жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Варшавадағы ең қымбат аудандардың біріндегі көшеге Қазақ атауы 2006 жылдың шілде айында берілген болатын. Польяк елордасы билігінің пайымынша, Қазақ көшесі  бұл Варшаваның Қазақстан Астанасына деген нышандық сыйы, сонымен қатар жер аударылған поляктарға көмек беріп, қамқорлық танытқан қазақ халқына деген алғыс

Айта кетейік, Қазақ атауы берілген көшелер Ресейдің Волгоград, Орынбор, Дондағы Ростов, Қазан, Пермь қалаларында, сондай-ақ Түркия, Тәжікстан елдерінде де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу