Полторанин Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысында жеңімпаз атанды

673

Полторанин Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысында жеңімпаз атанды

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысында жеңіс тұғырына көтерілді. Отандасымыз Лахтиде (Финляндия) өткен әлем кубогының тоғызыншы кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды vesti.kz.
15 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өту сайысында Алексей үздік екенін тағы бір дәлелдеді. Аталған қашықтықты 33 минут 11,9 секундта бағындырып, бәрін басып озды.
Күміс жүлдені ресейлік шаңғышы Александр Большунов иеленді. Қола медальға Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында марафон жарысында жеңімпаз атанған фин Ийво Нисканен ие болды.
Айта кетейік, Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Алексейдің оң жамсбасына келетін 15 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өту сайысы жарыс бағдарламасында болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу