Полтораниннің басты қарсыласы жарысқа қатыспайтын болды

743

Полтораниннің басты қарсыласы жарысқа қатыспайтын болды

Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клэбо Пхенчандағы қысқы Олимпиада ойындарындағы бәселерін аяқтады, деп хабарлайды vesti.kz.
21 жастағы шаңғышы әлем кубогінің соңғы кезеңіне дайындалу үшін Норвегияға оралыпты. Ол қазіргі уақытта әлем кубогінде көш басында келеді. Осылайша, ол енді қысқы Олимпиада ойындарында 50 шақырымдық марафонға қатыспайды. 
"Клэюо бізге Олимпиадада бәсекесін аяқтағанын айтты. Ол Пхенчандағы көрсеткіштеріне риза. Сол себепті марафонға қатысудың қажеті жоқ деді", - деп келтіреі Норвегия құрамасының бас бапкері Тор Арне Хетландтің сөзін NRK басылымы. 
Айта кетейік, бұл Олимпиадада Клэбо үш алтын жүлде алды: эстафетада, командалық спринтте және спринтте топ жарды. 
Ал 50 шақырымдық марафонда біздің отандасымыз Алексей Полторанин өнер көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу