Полтораниннің уақытша шеттетілгені туралы ресми мәлімдеме келіп түсті

648

Онда 1 наурыздан бастап Полторанин Халықаралық шаңғы федерациясының қарамағында ұйымдастырылған ешбір жарысқа қатыса алмайтындығы хабарланған. 

Полтораниннің уақытша шеттетілгені туралы ресми мәлімдеме келіп түсті

Қазақстанның шаңғы жарысының ұлттық федарациясына Халықаралық шаңғы федерациясынан допингке қарсы ережелерді бұзу дерегіне байланысты Алексей Полтораниннің уақытша шеттетілгені туралы ресми мәлімдеме келіп түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Онда 1 наурыздан бастап Полторанин Халықаралық шаңғы федерациясының қарамағында ұйымдастырылған ешбір жарысқа қатыса алмайтындығы хабарланған. Оған Австрия тарапынан жіберілген дәлелдер себеп екендігі айтылған.

Мұның алдында Алексей Полторанин допинг қолданғанын мойындап, бостандыққа шыққан еді. Ал қазақстандық федерация болса Алексейдің байланысқа шықпай, аталған дауға қатысты ешқандай пікір білдірмегенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу