Поляк дәрігерлері Грузияда Саакашвилидің денсаулығын тексеруде

413

Грузия билігі алты ай кідірістен кейін ЕО дәрігерлеріне түрмеде отырған экс-президент Михаил Саакашвилимен жолығуға рұқсат берді. 

Поляк дәрігерлері Грузияда Саакашвилидің денсаулығын тексеруде Фото: static.dw.com

Дәрігерлер саясаткерлі кешенді тексеруден өткізуді бастады, деп жазады inbusiness.kz.

Поляк дәрігерлері өз елінде түрмеде отырған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилимен кездесуге рұқсат алды. Польша гуманитарлық-медициналық көмек Одағының (ZPHM) мамандары тұтқынды кешенді тексеруді бастады, деп хабарлады Twitter микроблогында Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий.

Поляк дәрігерлері Грузияға Еуропалық Одақтың тапсырмасы бойынша келді, Брюссельде алты ай бұрын Саакашвилиге медициналық миссия жіберу туралы шешім қабылданды. 

"Алты ай кідірістен кейін үкімет дәрігерлерге ауруханада Михаил Саакашвили отырған жерге кіруге рұқсат берді. Олар оның жағдайын қарап, кейіннен өз қорытындыларын жасайды", – деді грузин саясаткерінің адвокаты Дито Садзаглишвили AFP агенттігіне.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу