"Polymetal" компаниясы 2030 жылы Бақыршықта жерасты өндіру кезеңін бастауды көздеп отыр

353

Бірінші кезектегі ең басты міндет – терең бұрғылау, оның табысты болуы минералдық-шикізаттық базаны ұлғайту есебінен қамтамасыз етіледі. 

"Polymetal" компаниясы 2030 жылы Бақыршықта жерасты өндіру кезеңін бастауды көздеп отыр Фото: pixabay.com

Алтын өндіруші "Polymetal" компаниясы "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" ЖШС-нің алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты dprom.kz порталына сілтеме жасап жазады.

ТМКҚ баспасөз қызметі (Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы) кәсіпорынның жыл сайынғы жұмысының нәтижесі концентраттағы 10 тоннадан астам алтынға айналатынын хабарлайды.

Өткен жылы өндіріс 2,2 млн тонна алтын кенін, ал концентраттағы көрсеткіш — 10,6 тоннаны құрады. Құрамында 1%-ға дейін көміртегі бар кен Ресейдің өңдеу зауытына, ал құрамында 1%-дан астам алтын Қытайға жіберіледі.

Қазіргі уақытта, ТМКҚ-ның өндіріс көрсеткіштері Бақыршықты Қазақстандағы ең өнімді алтын өндіруші карьерлердің (кен шығарылатын орын) қатарына қосуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Бұл кен орнының болашағы туралы айтатын болсақ, онда терең бұрғылау бірінші кезектегі ең басты міндет болып табылады, ал оның табысты болуы минералдық-шикізаттық базаны ұлғайту есебінен қамтамасыз етіледі.

"Тау-кен өндіруші кәсіпорындарына арналған Өскемен конференциясы барысында, мамандар компанияның 2035 жылы жердегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жер астынан кен өндіруді бастайтынын айтты. Алайда кейінірек, "Polymetal" компаниясының қызметкерлері тапсырманы 2030 жылдың өзінде-ақ — белгіленген мерзімге дейін орындай бастайтындарын БАҚ-қа мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу