Порошенко жаңа зымыран әзірлегенін мәлімдеді

708

Порошенко жаңа зымыран әзірлегенін мәлімдеді

Украина президенті Петр Порошенко Facebook парақшасында Украина әуе күштеріне жаңа зымыран қаруын дайындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Lenta.ru.

"57 миллиметр калибрлі зымыран жер бетіндегі нысананы жоюға арналған, зымыран ұшақ пен тікұшаққа орнатылады", – деп жазыпты Порошенко парақшасында.

Президенттің айтуынша, 20 зымыранды ату үшін бір секундтан аз уақыт кетеді.

Айта кетейік, 2016 жылдың соңында жоғарғы раданың ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Сергей Пашинский Украина зымырандарының күші Ресейдікінен асып түсетінін мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу