Porsche жол талғамайтын көлігінің қытайлық көшірмесі Zotye SR9 кроссовері нарыққа шықты. Бұл туралы naryk.kz жазып отыр.
Сырттай қарағанда Zotye SR9 мен Porsche Macan бір-бірінен аумайды. Мамандардың айтуынша, қос көліктің сыртқы ұқсастықтары 85 пайыз болса, ішкі интерьерінің ұқсастығы 95 пайыз. Көшірменің айырмашылығы габаритте, яғни дөңгелегі сәл үлкен, бірақ көліктің өз ұзындығы сәл кішірек.
Ал моторға келер болсақ, Porsche-нің ең әлсіз деген қозғалтқышы 252 ат күшіне тең болса, Zotye-нің 2 литрлік жалғыз үлгісі 190 ат күшін береді.
Дегенмен, қос көліктің басты айырмашылығы моторда емес, бағасында. Неміс көлігінің нарықтағы бағасы 83 000 доллар болса, қытай көшірмесі бар болғаны 16 115 доллар тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу