Портрет-кілемге тапсырыс ТМД бойынша түседі

903

"Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру" пилоттық жобасы бойынша кәсіп ашуға мүмкіндік алған Жуалы ауданының тұрғыны Диас Рахманқұлов портрет-кілем тоқып, тапсырыс алуда.

Портрет-кілемге тапсырыс ТМД бойынша түседі

Бала кезінен осы өнерге әуес Диастың осы істі ашуға ниеті болғанмен, қаржы қолбайлау болыпты. Сұрастыра жүріп "Тараз" ӘКК-нан несие алып, кілем тоқитын жібек жіп сатып алыпты.

Пилоттық жобаға Жуалы ауданнан жобаға енген Ақсай ауылдық округінің тұрғыны Диас Рахманқұлов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры 3 миллион қайтарымсыз грант жеңіп алған. Ол қаржыға Түркиялық кілем тоқитын құрылғы сатып алғанымен іске жарата алмаған екен.

Ал кілем тоқитын жіп алуға тиісті қаржы таба алмаған. Енді міне, жоба арқылы 2,8 миллион теңге несие алып, Моңғолия елінен 1 тонна жіп алдырыпты.

Енді Диас 5-6 жылға дейін алаңсыз тапсырыстарды орындай беруіме болады дейді. Портрет-кілем тоқу екінің бірінің қолынан келмейді. Әрі сол кілемдегі портретті техниканың көмегімен емес, кәдімгі қолмен тоқиды екен.

"Қазір тапсырыспен жұмыс істеп жатырмын. Бәрін қолмен іске асыратындықтан, жұмыс барысында өте ұқыпты болуым керек. Қазіргі таңда екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Қосымша дизайнер, суретшілеріміз бар. Жалпы бір кілемді істеп шығуға бір апта уақытымыз кетеді", – дейді Диас Рахманқұлов.

Қазіргі таңда жұмысын тек тапсырыспен жүргізіп отырған кәсіпкер Бауыржан Момышұлы, Асанәлі Әшімов сынды тұлғалардан бастап әр ел басшыларының да портреттерін кілем бетіне түсірген.

Диасқа тапсырыс тек облыс емес ТМД елдері бойынша түседі екен.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу