Португалияның солтүстігіндегі 30-дан астам ауданда жалғасып жатқан орман өрттерінен үш адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Португалия ІІМ хабарлағандай, 24 сағат ішінде орман өрттері елдің солтүстігіндегі Порту қаласының оңтүстігіндегі Авейро аймағына жайылып үлгерген.
Қаза тапқандардың қатарында өрт сөндіру бөлімінің қызметкері бар, жараланған үш адамның жағдайы өте ауыр.
Португалия Үкіметінің Еуропалық Одақтан сұрауы бойынша еуропалық азаматтық қорғау механизмі күшіне енді.
Еуропалық Одақтың азаматтық қорғаныс механизмі Португалияға өрт сөндіру техникасын, оның ішінде авиацияны басқа елдерден кешіктірмей алуға көмектеседі. Сегіз өрт сөндіру ұшағы Испаниядан, Италиядан, Франция мен Грециядан жөнелтілді.