Бұған дейін мамандар тілсіз жауды ауыздықтау үшін дрондар, тіпті жерсерік пен ұшақтардың көмегіне жүгінген.
Жаңа бағдарлама бойынша, өрт көп болатын жерлерге ешкілер жайылатын болады. Ел аумағында көп өсетін құлпынай ағашының жапырақтарында қорғаныс қабықшасы бар. Олар тез жанғыш келеді. Ешкілер бұл өсімдікті сүйіп жейді, дейді мамандар.
Үкімет бұл жобаны 2019 жылдан бастап жүзеге асырмақ. Бюджеті бірнеше мың еуро. Пилоттық жобаға 50-ге жуық бақташы қатысады. Қызыл жалын көп болатын жерде 10 мыңға тарта ешкі жайылымға шығарылады.
Табиғат Нұрболат