Португалияда осыдан 400 жыл бұрын су түбіне батып кеткен кеме табылды, деп хабарлайды 24.kz.
Ал археологтар кемені Атлант мұхиты жағалауында орналасқан Кашкайш қаласына жақын маңнан 12 метрлік тереңдіктен тапқан. Суға батып кеткен кеменің жанынан түрлі ыдыстар және Португалия елтаңбасы белгіленген зеңбіректер шықты.
Археологтардың пайымдауынша, кеме Үндістаннан қайтып келе жатып, болжаммен 1575 жылдары белгісіз жағдайда апатқа ұшыраған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу