Португалияда 2 маусымда Бежа қаласында өткен әуе көрмесінде екі Як-52 ұшағы соқтығысқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, көрермендер о басында ұшақтардың бірінің дыбысы біртүрлі екенін байқаған.
Көрермендер жариялаған бейнежазбаларда алты ұшақтың ұшып бара жатқанын, бірақ олардың біреуі қалғандарынан төмен ұшқанын көруге болады. Сосын әлгі ұшақ бірден көтерілем деп екінші ұшаққа тиіп, жерге құлайды. Жарылыс болады. Екінші ұшақ жазба үзілгенге дейін баяу төмендейді.
JN баспасы жазғандай, испандық ұшқыш сол жерде жан тапсырған, ал португалдық ауыр жарақат алды.
Қақтығысқа байланысты Португалия әуе күштерінің 72 жылдық мерейтойына арналған іс-шара тоқтатылды.