Португалияда теміржолшылар ереуілге шықты

338

Митинг салдарынан түнгі уақытта жүретін 22 рейс тоқтатылды.

Португалияда теміржолшылар ереуілге шықты Фото: reuters.com

Португалияда теміржолшылар ереуілге шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Олардың басты талабы - жалақыны көтеру және еңбек жағдайын жақсарту. Мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, митинг салдарынан түнгі уақытта жүретін 22 рейс тоқтатылды. Тәртіпсіздіктер ел астанасы Лиссабонда жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін, 31 мамыр күні, елдегі теміржол кәсіподақтары 24 сағаттық ереуіл өткізген еді. Португалия Ұлттық статистика институтының мәліметі бойынша, өткен жылы елдегі тұтыну бағалары индексінің орташа жылдық өзгерісі  8 пайызды құрады. Бұл - 1992 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу