Португалиялық полицейлер жалақыны көтеруді талап етуде

975

Тәртіп сақшылардың айлығы шамамен 789 еуро.

Португалиялық полицейлер жалақыны көтеруді талап етуде

21 қарашада ел астанасы Лиссабон қаласындағы парламент ғимараты алдында мыңдаған тәртіп сақшысы наразылық шарасын ұйымдастырды. Ереуілшілер биліктен еңбекақыны көтеріп, қосымша жеңілдіктер мен жаңа жабдықтар сатып алуын талап еткен. Олар алаңға "Біз адамдарды қорғаймыз, ал бізді кім қорғайды?" деген жазулары бар плакаттармен шыққан. Айтуларынша, үкімет полицейлерге жеткілікті мөлшерде қаражат бөліп отырған жоқ. 

Айта кететін жайт, Португалиядағы тәртіп сақшылары шамамен 789 еуро көлемінде айлық алса, Франциядағы әріптестерінікі бұдан екі есе көп: 1309 еуро. 

Әзірге ереуілге нақты қанша адамның шыққаны жарияланған жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл құқық қорғаушылардың 2015 жылдан бергі ең ауқымды бас көтеруі. Ол уақытта билік басында социалистер болған еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу