Елодада POS-терминалдар саны 25,9 мыңға жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
2019 жылдың ақпан айының соңында POS-терминалдардың саны 138,9 мыңды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 6,9 пайызға артық. Олардың 93,9 пайызы сауда кәсіпорындарында орналасқан.
"Қазақстанның ішінде POS-терминалдар санының жылдық өсуі бойынша Ақтөбе облысы бірінші орында, өңірде көрсеткіш бірден 20% ұлғайып, 6,9 мың терминалға дейін артты. Екінші орында Нұр-Сұлтан тұр, мұнда терминалдар саны 12,8%-ға артып, 25,9 мыңға дейін өсті. Ал үшінші орында Алматы қаласы 11,1% көрсеткішпен 39,7 мың терминалға дейін өсті", – деп хабарлайды Цифрлық Қазақстан бағдарламасы қызметі.
Цифрлық қызмет мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың басында POS-терминалдардың саны 135,8 мыңды құрады.