Прагада дінаралық диалогтің қазақстандық тәжірибесін талқылады

484

Прага қаласында конфессиялар өкілдері дінаралық диалогтің қазақстандық тәжірибесін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Прагада дінаралық диалогтің қазақстандық тәжірибесін талқылады

Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшілігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту орталығымен, сондай-ақ ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, Чехия дін өкілдерінің, ғылыми және сарапшы топтардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан тарапынан онлайн форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту орталығының басшысы Болат Сәрсенбаев, өңірлік ҚХА (Ассамблея) өкілдері, Қазақстанның дін өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

"Қазақстандық конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісіне назар аудару қажет, онсыз Қазақстан өмірінің барлық салаларында әсерлі табыстар болмас еді. Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік пен барлық конфессиялар арасындағы келісім сақталған мемлекет болып қала береді", – деді Чех Республикасының Мәдениет министрлігі Өңірлік мәдениетті дамыту департаментінің директоры Зузана Малкова.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді, жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту міндеттерін, дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетудегі азаматтық қоғамның өсіп келе жатқан рөлін талқылады.

"Этносаралық келісім мәселелері Қазақстан қоғамының назарында және осының арқасында республика сенім, ынтымақтастық және өзара түсіністік ерекше атмосферасы орнаған бейбітшілікті қамтамасыз етудің ең тиімді жүйелерінің біріне ие болды", – деді Чех Республикасы Успенск соборы ғибадатханасының басшысы Роман Гайдамаченков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу