Прагада Украинаға қолдау көрсетуге наразылық акциясы өтті

480

Украина зымырандары Польшаға құлады деген ақпарат шыға салысымен, Чехия халқы наразылық білдіре бастады. 

Прагада Украинаға қолдау көрсетуге наразылық акциясы өтті Фото: www.eurointegration.com.ua

Прага Чехословакия Социалистік Республикасындағы коммунистік режимді жойған 1989 жылғы "барқыт революциясының" 33 жылдығын атап өтті. Чехияның Премьер-министрі Петр Фиала тәртіпсіздіктерде қаза тапқандарды еске алу үшін Ұлттық даңғылға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Сол күні бірнеше мың адам Чехия теледидарының штаб-пәтеріне барды. Манифестанттар биліктің Украинаға қолдау көрсетуіне қарсы болды. Акция "бірінші кезекте Чехия" ұранымен өтті. Демонстранттар коалициялық үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу