Прагадағы атыс: құрбандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

328

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Прага университетіндегі атысқа қатысты түсініктеме берді. 

Прагадағы атыс: құрбандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ Фото: Getty Images

Кеше, 21 желтоқсан күні Чехия астанасы Прагада ер адам атыс шығарып, салдарынан 15 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Еліміздің сыртқы істер министрлігінің өкілдері құрбандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын айтты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарына қарағанда, атыс құрбандарының арасында қазақстандықтар жоқ.

"Чехия билігінің алдын ала ақпараты бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетсек, кеше Прага қаласының орталығындағы Карлов университетінің аумағында атыс болды. Жақын маңдағы аумақ қоршауға алынып, полиция тұрғындарды оқиға орнынан аулақ болуға және үйлерінен шықпауға үндеді.

Кейінірек, полиция атқыштың көзі жойылғанын мәлімдеді.

Чехия полициясы жариялаған мәліметтер бойынша, 15 адам атыс құрбаны болған және тағы бірнеше адам зардап шеккен. Атқыштың бұл әрекетке қандай себеппен барғаны әзірге белгісіз, бірақ чех билігі атысты халықаралық терроризммен байланыстырған жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін 22 желтоқсан Чехияда қаралы күн болып жарияланғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу