Праганың Карлов университетінде атыс болды. Қаза тапқандар бар

368

Қазір полиция оқ жаудырған адамның сыбайластары бар-жоғын тексеріп жатыр.

Праганың Карлов университетінде атыс болды. Қаза тапқандар бар Фото: Прага полициясы

Прагада Ян Палах алаңында Карлов университетінің философия факультетінде атыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жергілікті Indes.cz басылымының мәліметінше, қаза тапқандар мен жаралылардың нақты саны белгісіз. Қылмыскер оқу орнына келіп оқ жаудырған.

Чехия полициясы шабуыл жасаған адамның көзін құртқанын мәлімдеді. Оқу орнынан адамдар эвакуацияланған. Қазір полиция оқ жаудырған адамның сыбайластары бар-жоғын тексеріп жатыр.

"Мен азаматтарды ол жаққа бармауға шақырамын. Қоғамды тыныштандырғым келеді, қарулы адамның көзі жойылды", - деді оқиға орнына келген елдің ІІМ Вит Рукашан.

Дегенмен, Праганың мэрі Богуслав Свобода шабуыл жасаған адам өзін атып өлтіргенін айтты. Полиция бірнеше адамның өлгенін және тағы он шақты адам жарақат алғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу