Премьер-министр 2025 жылға дейінгі даму жоспарын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді

680

Премьер-министр 2025 жылға дейінгі даму жоспарын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді

Бүгін үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңес барысында еліміздің 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары, күтілетін нәтижесі мен кезеңдік мақсатты бағдары талқыланды.

Экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру мен орташа мерзімді келешекте ел дамуының жүйелі әрі тұрақты саясатын жүргізу мақсатында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында үкіметке "Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы" атты 2025 жылға дейінгі Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін өсімнің жаңа үлгісі экономика өсімінің жылдық орташа қарқынын 5-6%-ға жеткізуге бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу