Премьер-министр әйелдердің зейнет жасына қатысты түсініктеме берді

711

Журналистер Үкімет басшысынан әйелдердің зейнетақы жасына байланысты нақтылауын сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Премьер-министр әйелдердің зейнет жасына қатысты түсініктеме берді Фото: Максим Морозов

"Расымен де, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып сақталады. Осы 5 жыл ішінде біз денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруіміз, халықтың өмір сүру жасын ұзартуымыз керек. Ол үшін ауылдағы медицинаны жақсартып, аудандардағы медициналық емханаларды жаңғыртамыз. Көпбейінді ауруханалар саламыз. Сонымен бірге зейнетақы жүйесін әрі қарай жетілдіруіміз қажет", – деп атап өтті Әлихан Смайылов Мәжіліс отырысынан соң тілшілерге берген сұхбатында.

Айтуынша, жинақты зейнетақы алу мөлшері 2025 жылға ұзартылады.

"Жинақты зейнетақы алу мөлшерін 2025 жылға 27%-ға ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар. Осы жұмыстың нәтижесінде 2028 жылы зейнетке шығу жасын әрі қарай ұлғайтамыз ба, әлде қалдырамыз ба – қарастырып көреміз", – деді Үкімет басшысы.

Қазақстанда әйелдер келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 61 жасында зейнетке шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу