Премьер-Министр әкімдерге азық-түлік бағасын шектеу бойынша тиімді жұмыс істеуді тапсырды

868

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп inbusiness.kz  Үкімет басшысы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Премьер-Министр әкімдерге азық-түлік бағасын шектеу бойынша тиімді жұмыс істеуді тапсырды

"Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру жұмысының тиімділігін, оның ішінде "айналым" схемасын қаржыландыруды және тұрақтандыру қорларына сатып алуды ұсынылатын көлемдерге дейін жеткізу, азық-түлік тауарларының өңіраралық үздіксіз ағынын ұйымдастыру, сондай-ақ сауда субъектілерінің сауда үстемелерін асыру фактілерінің жолын уақтылы кесу арқылы арттыруды тапсырды", – деп жазылған хабарламада.

Үкіметтің мәліметі бойынша, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуі 0,2% болған. Бұған қырыққабаттың 3,5%-ға және жұмыртқаның 1,6%-ға қымбаттауы әсер етті.

Өткен аптада ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ерболат Досаев инфляцияны тұрақтандыру үшін елеулі тәуекел – бұл жанар-жағармай бағасының одан әрі өсуі және астық бағасының өсуі мүмкін екенін айтты.

Қазақстанда инфляция 2021 жылдың қыркүйегінде 0,4%-ды құрады, жыл басынан бері – 6,2%.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу