Премьер-министр әкімдерге су деңгейін бақылауда ұстауды тапсырды

612

Премьер-министр әкімдерге су деңгейін бақылауда ұстауды тапсырды

Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев су тасқыны қаупіне ұшырауы мүмкін өңірлерді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шаралары жөніндегі баяндамаларды тыңдап, әкімдерге жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Премьер-министр күн тәртібіне тоқталмастан бұрын, Қазақстандағы су деңгейінің көтерілу мәселесіне тоқталды және ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың, сондай-ақ Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің су деңгейінің көтерілуі мен төтенше жағдайларды ескерту шаралары туралы баяндамаларын тыңдады.

"Құрметті әріптестер, жергілікті орындардағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырамын, үйлестіру жұмысына Асқар Ұзақбайұлы жауапты", – дейді Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында болған қайғылы жағдайдың мән-жайы белгілі болды. Естеріңізде болса, Қарқаралы ауданының Нұркен Әбдіров атындағы ауылында екі ағайындыны Қопа өзенінің ағысы алып кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу