Премьер-министр әкімдіктерге қауіпті учаскелерге қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

139

Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. 

Премьер-министр әкімдіктерге қауіпті учаскелерге қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жол қауіпсіздігін халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды мәселе ретінде атап көрсеткенін айтты. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде жол-көлік оқиғалары мен адам өлімі азаймай отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Көп нәрсе жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге, сондай-ақ жол инфрақұрылымының жағдайына байланысты. Айта кететін жәйт, жазатайым жағдайлардың басым бөлігінің алдын алуға болатын еді. Мысалы, адамдар негізінен жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының, жарық пен тротуарлардың жоқтығынан ажал құшады", — деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов нақты мысалдар келтірді. Мәселен, Алматы қаласындағы Жетісу ауданының тұрғындары жазатайым жағдайлардың жиі болатыны соншалық, Жансүгіров пен Бұрындай көшелеінің қиылысын "қауіпті өткел" деп атап кеткен.

Астанадағы Үркер тұрғын алабында арнайы жаяу жүргіншілер өтетін жолдар мен бағдаршамдар атымен жоқ. Ата-аналар балаларын мектепке жалғыз жіберуге қорқады. 

Премьер-министр осындай қауіпті учаскелерге қатысты халықтың арыз-шағымы ескерусіз қалмауы тиіс екенін атап өтіп, әкімдіктерге орын алған мәселелерді шеші үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу