Премьер-министр Ақтөбе облысының ірі көлік-логистика орталығына барды

868

Премьер-министр Ақтөбе облысының ірі көлік-логистика орталығына барды

Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жылына 70 мың тоннаға дейін жүк қабылдап, өңдеуге қауқарлы Ақтөбе көлік-логистика орталығына барды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Нысанды аралау барысында премьер-министрді орталық жұмысының тетігімен, азық-түлік өнімдерін сақтау жағдайлы мен қаптау цехының жұмысымен толығырақ таныстырды. Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаевқа президент жолдауында берілген тапсырмаларды ескере отырып, облыстың логистикалық әлеуетін дамытудың, жүк және жолаушылар ағынын ұлғайтудың жоспары мен көрсеткіші туралы ақпарат берілді.

Ақтөбедегі көлік-логистика орталығы – Батыс Қазақстан өңірлерін қамтитын, "А" санатты дайын өнім өткізу қоймасы. Мұнда цифрлық технология көмегімен тауарды бақылаудың барлық тізбегі компьютерлендірілген, бұдан өзге мұнда бакалея өнімдерінің 40 түрін қаптайтын цех желісі мен тауар тиеп, түсіріп алатын теміржол тармағы бар. Жалпы жылына 70 мың тоннаға дейін жүк қабылдап, өңдейді.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымның дамуын еліміз үшін таяу келешектегі маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгіледі. Осы орайда үкімет жүк транзитінің еркіндігін қамтамасыз ету, көлік дәліздерін құрып, жаңғырту, сонымен қоса сервис деңгейін арттыру мен әкімшілік кедергілерді жою жөнінде кешенді жұмыс атқарып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу