Премьер-министр Асқар Мамин Президент кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Тараптар биылғы 21 қазанда болатын Реформалар жөніндегі жоғары кеңеске дайындықты, оның ішінде тұрақты әрі сапалы экономикалық дамуды қамтамасыз ету, стратегиялық жоспарлауды жетілдіру, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу