Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Атырауға барды

839

Үкімет басшысы өндіріс орындарын аралап, сапар соңында балық шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін жиын өткізбек.

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Атырауға барды

Сапар аясында Премьер-министр Атырау бекіре балық өсіру зауытына барып, жұмысымен танысады, деп хабарайды atr.kz.

Үкімет басшысы сапар барысында "Каспий плюс" цехының, "Амангелді" балық өндірісі цехының, "Каспиан Роял Фиш" цехының жұмысымен танысып, тағы да бірқатар нысанды аралайды деп жоспарланған.

Сонымен бірге, Премьер-министр Асқар Мамин Атыраудағы Балғымбаев орталығында өтетін балық шаруашылығы өнімдері көрмесіне барады. Іссапар соңына қарай елдегі балық шаруашылығын дамыту мәселесіне арналған жиын өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу