Премьер-министр Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай Мамин өмірден озды

1301

Премьер-министр Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай Мамин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Премьер-министр Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай Мамин өмірден озды

2021 жылы 13 маусымда еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Ақмола облысының құрметті азаматы Мамин Ұзақбай Жапарұлы қайтыс болды.

Соңғы жылдары Ұзақбай Мамин Қазақстан астанасының ардагерлер кеңесінде белсенді жұмыс істеген.

Ұзақбай Мамин 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Благодатное ауылында дүниеге келген.

Құрылыс саласында бригадирден бастап бірқатар құрылыс ұйымдарының, соның ішінде "Целинограделеватормельстрой" және "Целинсантехмонтаж" тресттері мен Целиноград облыстық агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені жетекшісіне дейінгі  қызметтерді атқарған.  Еңбек жетістіктері үшін Халықтар достығы және "Құмет" ордендерімен марапатталды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу