Премьер-министр Астана әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысын тексерді

504

Премьер-министр Астана әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысын тексерді

EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астана әуежайын аралап, жаңа жолаушылар терминалының құрылысымен танысты, сондай-ақ әуежайдың қолданыстағы терминалының жұмысы туралы баяндаманы тыңдады, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Астана әуежайының жолаушылар терминалын жөндеу "Нұрлы жол" бағдарламасын орындау аясында 2015 жылдың қаңтарынан бастап жүргізіліп жатыр. Жобада жалпы ауданы 47000 шаршы метр терминал салу қарастырылған, оны аяқтаған соң әуежайдың жолаушы өткізу қабілеті жылына 8,2 млн асады.

1 маусымға қарай жаңа терминал бірінші рейстің жолаушыларын қабылдауға дайын болады. Айта кетейік, биыл 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада "Болашақ энергиясы" тақырыбында Халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтеді. Бұл кезеңде елордаға шетелден және Қазақстан облыстарынан 2 млн-ға жуық турист келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу