Премьер-Министр "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

1051

Өткен жылы холдинг бизнес-инкубаторларға шығындарын бірлесіп қаржыландыру түрінде қаржылық қолдау көрсеткен.

Премьер-Министр "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Үкімет басшысының төрағалығымен өткен "Бәйтерек" ұлттық басқарма холдингі" АҚ директорлар кеңесінің отырысында холдингтің инвестициялық саясатының талаптарын орындау мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

2018 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес компаниялары экономиканың шикізаттық емес салаларындағы кәсіпорындарға 715,2 млрд тг көлемінде қолдау көрсетті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 14%-ға (89 млрд тг) өсті.

Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне немесе олармен үлестес заңды тұлғаларға қатысы жоқ 3590 компания мен ұйымға 541 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Экспортқа бағытталған өндірісті қолдау шараларының арқасында 2018 жылы кәсіпорындардың экспорт көлемі 750 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға (36,8 млрд тг) артық.

2018 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 18 грант берді. Салыстыру үшін — 2017 жылы жалпы құны 1,7 млрд теңге болатын инновациялық гранттар беру туралы 9 келісім жасалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу