Премьер-министр ЭКСПО-ға дайындық жөнінде кеңес өткізді

772

Премьер-министр ЭКСПО-ға дайындық жөнінде кеңес өткізді

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада өтетін "ЭКСПО – 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық пен оны өткізу мәселелеріне байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңес барысында "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу кезінде көлікпен қамтуды, қоғамдық құқық тәртібін қорғауды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сонымен қатар "Қазақстан" көрме павильонының "Жасампаз энергия" бөлімін тақырыптық әрі мазмұндық жағынан толтыру мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу