Премьер-министр ел диқандарына алғыс айтты

127

Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталды.

Премьер-министр ел диқандарына алғыс айтты Фото: gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов диқандарға егін орағын уақытылы аяқтағаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Диқандарға егін орағын уақытылы аяқтағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, еңбек адамы – елдің байлығы. Астықты алқаптың дәні диқанның қажырлы еңбегімен, маңдай терімен өседі. Сондықтан еңбектеріңіз жана берсін. Баршаңызға амандық-саулық пен сәттілік тілеймін!", - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектеновтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін қажетті шаралардың барлығы қабылданды.

"Атап айтқанда, саланы жеңілдікті қаржыландыру көлемі алғаш рет рекордтық 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Бұл қаражат егіншілерді тікелей несиелендіруге, пайыздық мөлшерлемені арзандатуға және форвардтық сатып алуға бағытталды. Келесі жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл ауыл шаруашылығы техникасын лизингпен сатып алуға 120 млрд теңге тартылды. Алдағы жылы бұл көрсеткішті 200 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, диқандар тұқыммен, жеңілдікті отын және тыңайтқыштардың жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілді", - деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу