Премьер-министр елдегі туризм саласында кемшіліктер барын ашық айтты

395

Үкімет бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. 

Премьер-министр елдегі туризм саласында кемшіліктер барын ашық айтты  Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов елдегі туризм инфрақұрылымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл салада мәселелер бар екенін жоққа шығармаймын. Көптеген курорттық аймақтар мен демалыс орындары әлемдік стандарттарға ғана емес, қарапайым талаптарға да сай келмей жатады. Мұнымен келісемін", – деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тілшілер Үкімет басшысынан демалыста қай жерлерге барғанын сұрады.

Олжас Бектенов 2021 жылы Алакөлде демалғанын айтты. 

"Одан кейін демалысқа шықпадым. Мына тұрған Бурабайға да бара алмай жүрмін. Кендірлі мен Алакөлде жұмыс бабымен болдым. Бірақ шомылған жоқпын", – деді Олжас Бектенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу