"Тұтынушылар мен халық тарапынан жолдарымыздың сапасына қатысты көп сын айтылады. Ол тұрықты түрде жөндеуді қажет етеді. Үнемі апат болып, адамдар көз жұмады болады. Тіпті, жөнделген жолдарда да кемшілік жетіп артылады. Жөндеу жұмыстары халық үшін емес, жолшылардың өздері үшін жасалатын сияқты. Бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау қажет. Мәселені тиімді шешуге мүмкіндік беретін кешенді іс-шаралар әзірлеу қажет", – деді Әлихан Смайылов.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті жолдар салу мен жаңғыртуды тапсырған.