Премьер-Министр есірткіге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

158

Есіркі көбінесе қандай орындарда жиі саудаланады?

Премьер-Министр есірткіге қарсы күресті күшейтуді тапсырды Фото: Үкімет

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігінің алдына есірткіге қарсы күресті күшейту үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талдау міндетін қойды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда тыйым салынған заттарды тұтыну деңгейі төмендемейтіні атап өтілді, бұл ретте таралу тәсілдері кеңейіп келеді. Әсіресе, түнгі клубтарда есірткіні насихаттау және сату белсенді жүргізіліп отыр. Оны таратуға 14 жасқа дейінгі балалар қатыса бастады.

– Әлеуметтік желілер арқылы оңай сатып алуға болатын есірткінің жаңа түрлері пайда болуда. Осыған байланысты, Ішкі істер министріне жауапты бөлімшелердің жұмысын қатаң түрде бағалауды және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу