Премьер-министр Грекияның дағдарысты жеңгенін мәлімдеді

862

Бұл туралы Грекия премьер-министрі мәлім етті. 

Премьер-министр Грекияның дағдарысты жеңгенін мәлімдеді

Үндістанның Салоникадағы 84-ші халықаралық көрмесінде Грекияның Премьер-министр Кириакос Мицотакис өз елінің экономикалық дағдарысты еңсергенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Үндістанның биылғы жылы құрметті ел болуы кездейсоқ емес. Енді Грекия дағдарыстан шығып, ортақ ұранымыз "барлығы үшін өсім" болады. Соңғы 10 жыл ішінде Үндістанда жан басына шаққандағы ЖІӨ екі есе ұлғайып, жүздеген миллион халық кедейліктен құтылып табыс табуға мүмкіндік алды. Грекия мен Үндістанды ежелгі мәдениеттер мұрасы мен ұлттық бірлікке ұмтылу және парламенттік демократияны құрметтеу сияқты ортақ құндылықтар біріктіреді.  Оның  үстіне үнді және грек ғалымдары мен бизнесмендері әлемнің барлық түкпірінде кездеседі", – деді ол

Кириакос Мицотакистің айтуынша, қос елдің екіжақты қарым-қатынасы кеңейіп келеді. Алайда ол бұл байланысты одан әрі жандандыру керек екенін ескертті.

"Соңғы жылдары Үндістанға өтетін грек экспорты айтарлықтай өсті. Алайда Үндістанның Грекиядағы елшісі 2021 жылға қарай екі жақты тауар айналымын 1 млрд еуроға жеткізу керек екенін айтады. Мен екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға үміттімін", – деді Грекия премьер-министрі.

Ынтымақтастықтың мысалы ретінде ол Критадағы Кастель әуежайының құрылысын айтты. Өйткені үнді және грек компаниясының бірлескен кәсіпорны Аралдың одан әрі дамуға күш салып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу