Digital Almaty бесінші форумы шеңберінде өткен "Жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік" пленарлық сессиясында ЕАЭО елдері арасындағы цифрлық кедергілерді жою, сауда және экономиканың басқа да салаларында инновациялық шешімдер енгізу мәселелері, сондай-ақ негізгі жаһандық технологиялық трендтер талқыланды.
Іс-шараға Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян, Беларусь үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Өзбекстан үкіметінің басшысы Абдулла Арипов қатысты.
ҚР Премьер-Министрі өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстан FinTech және GovTech-жобаларын жүзеге асыруды қамтитын мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы бағытын ұстанып отырғанын атап өтті. Жалпы, оның айтуынша, мемлекеттің ашықтығы мен бизнес технологиясының арқасында республикада цифрлық саладағы күнделікті өмірде қолданылатын нақты нәтижелердің жоғары деңгейіне қол жеткізілді.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі мемлекеттік басқаруды цифрландырудың Invisible Government сапалы жаңа тұжырымдамасына көшіп жатқанын айтты, онда мемлекеттік саясат адамның және оның қажеттіліктері мен мүдделерін ескеретін болады. Нәтижесінде бұл проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізуге серпін береді.
"Бұл ретте негізгі тәсілдердің бірі – қызмет көрсетудің мультиплатформалық қағидаты. Яғни, мемлекет "тар жер" моделінен алшақтап, бизнеске мемлекеттік қызметтерді өз платформалары мен цифрлық экожүйелеріне интеграциялауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің пайдалы зор", — деді Премьер-Министр.
Жалпы, ол соңғы жылдары Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін атап өтті. БҰҰ-ның тиісті рейтингінде республика 39-шы орыннан 28-ші орынға (2018 жылдан бастап) көтеріліп, позициясын жақсартты, ал онлайн-сервистердің қосалқы рейтингінде – 16-шы орыннан 8-ші орынға көтеріліп, әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді.
Бұл ретте Премьер-Министр интеграцияны күшейтудің және жалпы Еуразиялық ауқымдағы жобаларды іске асырудың маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, осы істің тұсаукесері ретінде Алматыдағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ірі цифрлық бастамаларды қалыптастыру және жүзеге асыру алаңы - Цифрлық құзыреттер орталығын құруды атауға болады.
Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов байланыстың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту тақырыптарына тоқталды.