Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 нысандарының бірінің негізінде Астана қаласында ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркін құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Кеңес барысында Халықаралық қаржы орталығы аясындағы Технопарк құрылымының жобасы, сондай-ақ жол картасына сәйкес жоспарланған шаралар, оның ішінде: мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасы бойынша технологиялық жобаларға инвестиция тарту шаралары қаралды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу