Премьер-Министр: Көмір бағасын былтырғы деңгейде сақтап қалу керек

1231

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылғы 1 ақпанға дейін Үкіметке Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенін енгізуді тапсырды. 

Премьер-Министр: Көмір бағасын былтырғы деңгейде сақтап қалу керек

"Мемлекеттік органдар көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты, Бәсекелестікті қорғау агенттігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, көмір бағасын өткен жылғы деңгейде сақтап қалу үшін заңға сәйкес іс-шаралар қабылдауы қажет", – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Индустрия министрлігіне толық жұмыс істемей тұрған немесе тоқтап тұрған тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг пен талдау жүргізіп, олардың толықтай жұмыс істеуі үшін іс-шараларды іске асыру керектігін ескертті. 

"Бәсекелестікті қорғау агенттігі монополияға қарсы іс-шара қолдану және делдалдық схемаларды тексеру бойынша жұмысты күшейту керек. Біз жауапсыз сатушылар мен алып-сатарларға бағаны негізсіз өсіру есебінен пайда табуға жол бермеуіміз қажет", – деді Әлихан Смайылов. 

Ал өңірлердің әкімдері үстеме баға мен шекті бағаны бақылау жұмысын күшейтуі тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу