Премьер-Министр көші-қонның өсуіне байланысты өткізу пункттеріндегі кезектерді жоюды тапсырды

464

Қазақстанға келген ресейліктер қатары 100 мыңнан асты.  

Премьер-Министр көші-қонның өсуіне байланысты өткізу пункттеріндегі кезектерді жоюды тапсырды

Ол үшін бірыңғай алгоритм әзірлеп, халық ең көп жүретін шекаралық өткізу пункттерін кеңейту керектігін айтты. Ал шекара бекеттері орналасқан облыс әкімдеріне бірінші кезекте қазақстандық азаматтар үшін тұрақты "жасыл дәлізді", сондай-ақ тіркелмеген мигранттарды анықтау үшін мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қамтамасыз етуді жүктеді.

Еске сала кетсек, Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан бері ол жақтан Қазақстанға келетін азаматтардың ағымы артты. Көші-қон қызметінің дерегі бойынша тек 30-шы қыркүйекте 14 мың 900 адам келген.

Осылайша, бірнеше күн ішінде Қазақстанға келген ресейліктер қатары 100 мыңнан асты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу