Премьер-министр мектеп құрылысына қатысты тендер өткізу жүйесін реттеуді тапсырды

974

Премьер-министр мектеп құрылысына қатысты тендер өткізу жүйесін реттеуді тапсырды

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР үкіметі отырысы барысында "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының білім беру саласында іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.  

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл Ұлттық қор қаражаты есебінен 109 мектептің құрылысына 71,7 млрд теңге, оның 26,5 млрд теңгесі бұған дейін басталған 53 мектептің құрылысын аяқтауға және 45,2 млрд теңгесі 56 мектептің құрылысын бастауға бөлінгенін айтты. 

Биылғы жылдың жоспары бойынша 2016 жылы қаржыландырылған 76 мектеп пен 2 балалар бақшасы пайдалануға беріледі.

"Әкімдіктердің ақпараты бойынша, жыл соңына дейін 24 мектеп пайдалануға беріледі. 2018 жылы қалған 33 мектеп пайдалануға беріледі. 2018 жылы аталған мектептердің құрылысын аяқтауға қаражат бөлу Қаржы министрлігінде құпталған", – деді Ерлан Сағадиев.  

Сондай-ақ, отырыс барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ОҚО облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин және ШҚО әкімі Даниал Ахметов сөз сөйледі. 

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге және ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа қажетті жұмыстарды жүргізіп, жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, мектептердің құрылысы саласындағы тендерлерді жүргізу рәсімдерін өзгерту шараларын қабылдауды және мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттарды игеруді жылдамдатуды тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу