Премьер-министр мемлекеттік бюджет қаржысын тиімді игеруді тапсырды

578

Премьер-министр мемлекеттік бюджет қаржысын тиімді игеруді тапсырды

Үкімет отырысы барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама мен республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп ұсынылды.

Премьер-министр бірқатар мемлекеттік органда бюджет қаражатының игерілмеуі байқалғанын айтты.

"Бізде сол бір нәрсе жылда қайталанады – сапасыз жоспарлау мен конкурс уақтылы өткізілмейді. Орталықтандырылған деңгейде еш проблема жоқ. Демек мәселе әкімшілер мен жергілікті жерлерге келіп тіреледі", – дейді Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-министр биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында қаржыландыруды арттыру арқылы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қаржыландыру жоспарын түзету қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекет қаражатын тиімді әрі уақтылы игеру үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.

Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алуда тиісті заң жобасын уақтылы ұсынуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу